Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Қоқыстан бөтелкеге дейін": Пластикті жоюдың дұрыс жолы қандай

"Қоқыстан бөтелкеге дейін": Пластикті жоюдың дұрыс жолы қандай

Пластик – қоршаған ортаны ең ластаушы химиялық қалдықтың бірі. Жерге көмілген пластиктік өнім 400 жылға жуық уақытта ыдырайды және табиғатқа зиянды токсиндер бөледі. Жер асты сулары арқылы пластиктің ұсақ түйіршіктері және оның химиялық заттары ең жақын су көздеріне түседі, бұл жануарлардың жаппай қырылуына әкеліп соғады. Ал оны өртесе ауаға улы газ бөлініп, адам денсаулығына зала келтіреді. Ендеше пластикті жоюдың ең қауіпсіз жолы – оны қайта өңдеу. BAQ.KZ Алматыдағы тілшісі пластиктің қоқысқа лақтырылған сәтінен бастап, жаңа тұрмыстық өнімге қайта айналу жолымен танысып қайтты.

5 маусым – дүниежүзілік қоршаған орта күні. Биыл бұл атаулы датаның негізгі тақырыбы пластиктік ластанумен күреске арналады. БҰҰ экологиялық апаттың алдын алу мақсатында пластикке қарсы бүкіләлемдік күрес жүргізуде. 

Ұйымның планета бойынша химиялық қалдықтың бұл түрімен айқасқа арналған 100 жобасы бар. Соның бірі Алматыдағы Аюсай визит-орталығында жүзеге асуда.

"Қоқыстан бөтелкеге дейін": Пластикті жоюдың дұрыс жолы қандай

Жоба аясында визит-орталық аумағында сұрыпталатын қалдық жинауға арналған контейнерлер мен қалдықты сығымдайтын жабдық орнатылған. Өткен жылдың наурызынан 2025 жылғы мамырға дейін визит-орталық аумағында 4263 кг пластиктік қалдық жиналып, қайта өңдеуге тапсырылды.

2022 жылғы мәліметтерге сәйкес, елдегі 20 млн адамға шаққандағы пластик қалдықтарының түзілуі 14,6 киллограмды құраған, яғни бір адам жылына 15 киллограмға жуық пластиктік қоқыс шығарған. Бұл қоршаған орта мен азаматтар денсаулығына едәуір зиян келіп жатыр деген сөз, – деді “Тұрақты дамуға жәрдемдесу” орталығының маманы Жәнібек Мұқанов.

"Қоқыстан бөтелкеге дейін": Пластикті жоюдың дұрыс жолы қандай
"Қоқыстан бөтелкеге дейін": Пластикті жоюдың дұрыс жолы қандай

Қоқыс жәшіктеріне тасталған пластиктік қалдықтар сұрыпталған соң, сығымдау машинасына апарылады.

"Қоқыстан бөтелкеге дейін": Пластикті жоюдың дұрыс жолы қандай

Ары қарай химиялық қалдықтар қайта өңдеу зауыттарына жөнелтіледі. Сығымдау машинасында жұмыс істеп тұрған маманның сөзінше, арнайы көліктер екі аптада бір келеді.

"Қоқыстан бөтелкеге дейін": Пластикті жоюдың дұрыс жолы қандай

Алматы облысы Талғар ауданында орналасқан ZETA компаниясының зауытына жеткен әртүрлі химиялық қалдықтар.

Өткен ғасырдың 50-жылдары қолданысқа енген пластик өндірісі өнімінің көлемі бүгінде әлем бойынша 8,3 миллиард метрикалық тоннаға жетіп отыр. Оның ішінде жыл сайын саудаға шығарылатын 406 миллионының 40%-ы 10-15 минуттан кейін лақтырып тастайтын орама-пакет ретінде пайдаланылады.

"Қоқыстан бөтелкеге дейін": Пластикті жоюдың дұрыс жолы қандай

Пластикті қайта өңдеудегі алғашқы қадам – оны үгіту.

"Қоқыстан бөтелкеге дейін": Пластикті жоюдың дұрыс жолы қандай

Пластик тек шөлмек қана емес, күнделікті бәріміз қолданатын қарапайым полиэтилен пакеттер.

"Қоқыстан бөтелкеге дейін": Пластикті жоюдың дұрыс жолы қандай

Үгітілген пластик ары қарайғы процесске дайын.

Келесі қадам оны арнайы өңдеу апаратына төгу.

"Қоқыстан бөтелкеге дейін": Пластикті жоюдың дұрыс жолы қандай
"Қоқыстан бөтелкеге дейін": Пластикті жоюдың дұрыс жолы қандай

Балқып шыққан резинанының пішінін көзделген өнімге келтіру процесі.

Шыққан дайын өнім: креслоның арқасы.

"Қоқыстан бөтелкеге дейін": Пластикті жоюдың дұрыс жолы қандай
"Қоқыстан бөтелкеге дейін": Пластикті жоюдың дұрыс жолы қандай

Ал зауыттың өзге цехында креслоның аяғы жасалып жатыр. Алматы облысындағы бұл зауыт дайын кресло өнімдерін «Made in Kazakhstan» жазуымен әлемнің үш еліне экспорттайды, оның ішінде: Германия, Швеция және Аустрияға. Зауытта 500-ге жуық жұмысшы еңбек етеді. Олардың 70%-ын әйелдер құрайды.

"Қоқыстан бөтелкеге дейін": Пластикті жоюдың дұрыс жолы қандай
"Қоқыстан бөтелкеге дейін": Пластикті жоюдың дұрыс жолы қандай

Біз пластиктік қалдықтарды облыс бойынша жинаймыз. Алайда пластикті жоюдың ең экологиялық таза түрі – оны қайта өңдеу екенін түсініп, бізге өздері тұрмыстық химиялық қалдықтарды алып келетін азаматтар да болады. Адамдарға пластикті дұрыс утилизация жолын түсіндіруді әлі жалғастыру керек. Себебі бұл еліміз үшін, планетамыз үшін өте маңызды, - деді ZETA компаниясы директорының орынбасары Валерий Белодский.

"Қоқыстан бөтелкеге дейін": Пластикті жоюдың дұрыс жолы қандай

Қоқыста жатқан пластик шөлмектің өңделген жаңа өмірі – гүл құмырасы.

"Қоқыстан бөтелкеге дейін": Пластикті жоюдың дұрыс жолы қандай

280 градуста балқыған пластиктік қалдық бірер сәтте орындыққа айналды.

"Қоқыстан бөтелкеге дейін": Пластикті жоюдың дұрыс жолы қандай
"Қоқыстан бөтелкеге дейін": Пластикті жоюдың дұрыс жолы қандай

Айта кетейік, тағамдық құралдар тек бастапқы пластиктен жасалады. Одан өзге кез келген тұрмыстық құралдар қайта өңделген пластиктен жасалуға рұқсат етілген. Талғардағы бұл зауыт айына 200 мың тонна пластикті қайта өңдейді.

Осылайша, пластикті көміп немесе өртеп қоршаған ортаға зиян келтіргенше, оған екінші ғұмыр сыйласа болады, деді зауыт басшылығы.

"Қоқыстан бөтелкеге дейін": Пластикті жоюдың дұрыс жолы қандай
"Қоқыстан бөтелкеге дейін": Пластикті жоюдың дұрыс жолы қандай
"Қоқыстан бөтелкеге дейін": Пластикті жоюдың дұрыс жолы қандай
Бөлісу:

Фото: автордан