Қоқыста қалған «Мұстафа Өзтүрік»

1 Қараша 2022, 14:41
6977
Бөлісу:
Қоқыста қалған «Мұстафа Өзтүрік»

Мұстафа Өзтүрік ескерткішінің қоқыстағы көрінісі елдің ашуына тиді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Мұстафа Өзтүрік – таеквондодан қара белбеу шебері, таэквондо жекпе-жек өнерін алғаш рет қазақ жеріне әкелуші, мыңдаған шәкірт тәрбиелеген ұстаз, ұлт жанашыры.

Осындай даңқты тұлғаның ескерткіші Алматы облысы, Талғар өзенінің бойындағы қараусыз қалған карьерде тұр деп ашуланды тұрғындар.

Әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан бейнеге әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір білдіруде. Олар еліміздің спорт саласы үшін барын салған азаматтың әруағынан ұят болды дейді.

Осыған дейін велосипедпен Түркия елін бағындыруға аттанған белгілі журналист, аудармашы Ернат Мелсұлы Мұстафа Өзтүріктің елімізде жастар арасында құны бәсендегінін айтқан еді.

Осы сапарға шығуыма мені шабыттандырған – Мұстафа Өзтірік болатын. Мұстафа Өзтүрік біз тәуелсіздігімізді алған кезде, елге қызмет етемін деп Түркияда жүрген жерінен елге оралды.Брюс Лиден артық болмаса, кем емес спортшы. Мұстафа Өзтүріктің ұлтжандығын,батылдығын,елін сүйгендігін біз білеміз. Бірақ, қазіргі жастар көп біле бермейді. Ондай тұлғаны қазіргі ұрпақ білуі керек. Ұлттық идеология деген осы. Сол ағамызды үлгі тұтамын. Сондықтан сапар соңын  Гюнешлі ауданындағы Мұстафа Өзтүріктің зиратына барып, құран бағыштаумен аяқтауға ниет еттім,-деген еді.

Иә, 2024 жылы Мұстафа Өзтүріктің туғанына – 70 жыл толады. Тарихи тұлғаның жаңа ескерткіші салынып, құрмет көрсетілгенде, ескі ескерткіш осылай қоқыста қалмаса игі дейміз. Бұл ескерткіштің де қоқыста көрініс табуы -  сол жасалу шеберлігі жұртшылықтың көңілінен шықпаған  ескі нұсқадағы ескерткіш болуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы