Қоқыс тастау талаптарын бұзғандарға салынатын айыппұл көбейді

13 Сәуір 2023, 16:23
1101
Бөлісу:
Қоқыс тастау талаптарын бұзғандарға салынатын айыппұл көбейді
Фото: sn.kz

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Абдуалиев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, құзырлы ведомство жүргізген арнайы тексеріске сәйкес, қоршаған ортаға 5,8 млрд теңге көлемінде шығын келтірілген.

Экология министрлігі апатты қоқыстардың құрылу мәселесін шешу үшін жүйелі шара ретінде қалдықтармен жұмыс істеу талаптарын бұзғаны үшін салынатын айыппұлды ұлғайтты. Атап айтқанда, жеке тұлғаларға салынатын айыпппұл 10 АЕК-тен 50 АЕК-ке дейін көбейтілді, - деп атап өтті комитет басшысының міндетін атқарушы.

Сондай-ақ министрлік әкімдіктермен, халықаралық әріптестермен және басқа да тараптармен бірлесіп қалдықтарды басқару жүйесін жақсарту бойынша жұмысты жалғастыратынын айтты.

Онын ішінде, Жасыл Даму алаңында қалдықтарды басқару жүйесін жақсарту және Қазақстан Республикасында тиісті жабдықтарды, технологияларды енгізу бойынша ұсыныстар дайындау үшін жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына Экология министрлігінің, әкімдіктерідің, салалық ассоциациялардың, Жасыл дамудың өкілдері кірді, - деді Айдар Абдуалиев.

Өзгелердің жаңалығы