Қонаевтың музей-пәтері сатылымға шыққаны жайлы ақпарат жалған

Әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде Д.А.Қонаевтың мемориалдық музей-пәтері сатылмаға қойылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

18 Сәуір 2024 2024, 19:02
 Д.А. Қонаевтың мемориалдық музей-пәтері 18 Сәуір 2024 2024, 19:02
18 Сәуір 2024 2024, 19:02
2113
Фото: Д.А. Қонаевтың мемориалдық музей-пәтері

Әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде Д.А.Қонаевтың мемориалдық музей-пәтері сатылмаға қойылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК мәлімдеме жасады.

 Д.А. Қонаевтың мемориалдық музей-пәтері «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК балансында және мегаполистегі келушілер саны бойынша алдыңғы қатардағы музейлердің бірі. Желіде музей-пәтерді сатуға қатысты таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Құрметті БАҚ өкілдері және желі пайдаланушылары, тексерілмеген әрі жалған ақпаратты жарыса жарияламауларыңызды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Наверх