2023 жылғы 2 тамызда сағат 02:20-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Қонаев қаласының 2 ықшам ауданында көппәтерлі төртқабатты алты кіреберісті тұрғын үйде пәтерде өрт шығып, кейін от шатырға ауысқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық ТЖД мәліметінше, қабырғалары панельді (бетон), төбесі жұмсақ, үстіне ағаш кесілген металл бейіні орнатылған, жылыту орталықтандырылған, орталықтандырылған газбен жабдықталмаған.
Өрт орнына дереу Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.
Қонаев қаласындағы ең жақын өрт сөндіру бөлімінен қашықтық 2.5 километрді құрайды. Ең жақын өрт сөндіру гидранты Алматы және Қойшыманов көшелерінің қиылысында 300 метр қашықтықта орналасқан.
Бірінші бөлім келген кезде көппәтерлі тұрғын үйдің шатыры толығымен отқа оранды.
Шатырдың люктері жабық болуы өртті сөндірге кедергі келтіргендіктен, оны бұзуға тура келді (құлыптармен құлыптаған) сондай-ақ ағаш тақтайшаның үстіндегі металл шатыры қиындатты.
Өрт шыққан пәтерден газ баллондар көшеге шығарылып, олардың жарылуына жол берілмеді.
Жеке құрамның күшімен пәтерлерден көшеге 20 газ баллон шығарылды.
Эвакуацияланған тұрғындардың жалпы саны 210 адам, оның ішінде 160 адам өздігінен эвакуацияланды, өртке қарсы қызмет қызметкерлері 50 адамды, оның ішінде 10 бала эвакуациялады. Медициналық көмекке мұқтаж емес.
Өрт сағат 04:47-де оқшауланып, сағат 06:00-де сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шыққаны кешіктіріліп хабарлануы өрттің таралуына себеп болды. Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД анықтау бөлімінің және зерттеу сынақ өрт зертханасының қызметкерлері оқиға орнында жұмыс жүргізуде.
Өрт сөндіруге Алматы облысы ТЖД 50 қызметкер мен 12 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдардан 8 адам және 4 бірлік техника, № 65476 ЖБ 4 қызметкер және 2 бірлік техника, жергілікті полиция қызметінен 30 қызметкер және 8 бірлік техника, екі бригада және 4 қызметкерден құралған жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмылдырылды.
Алматы облысы ТЖД қауіпсіздік ережелері бойынша, газ және газбен жабдықтау туралы заңға сәйкес екі қабаттан жоғары ғимараттарда газ баллондарын пайдалануға жол берілмейтінін еске салды. Егер үйдің үш және одан да көп қабаты болса, онда газ баллондарын пайдалануға тыйым салынған.