Қонаевта аға прокурор ұсталды

22 Ақпан 2024, 15:29
821
Бөлісу:
Қонаевта аға прокурор ұсталды
Фото: Арман Мухатов - архив

Қонаевта Алматы облысы Балқаш ауданының аға прокуроры ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде үш миллион теңге көлемінде пара алған мемлекеттік қызметкердің ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап отыр.

Біз 12 ақпанында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменттері мен Бас прокуратураның жеке қауіпсіздік басқармасының бірлескен іс-шаралары аясында Қ.Сонабаевтың ұсталғанын  растаймыз, - деді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, оған қатысты Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі және 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеу мәліметтері жария етуге жатпайды, - деді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы