Қонаев қаласында жаңа жылдық безендіруге байланысты аудит жүргізіледі

5 Қаңтар 2025, 14:42
329
Бөлісу:
Қонаев қаласында жаңа жылдық безендіруге байланысты аудит жүргізіледі
PHOTO
Фото: Informationg

Әлеуметтік желілерде Қонаев қаласының мерекелік безендірілуі нашар болғанын, тұрғандардың көңілінен шықпағанын. Сондай-ақ эстетикалық безендіруге 148 млн 528 мың теңге жұмсалғаны және қойылған нысандардың техникалық құжаттамаға сәйкес емес екендігі жазылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған жағдайға байланысты Қонаев қаласының әкімдігі мердігер компания тәуелсіз аудиттерге жүгінгенін хабарлайды. Аудиттің нәтижесіне сәйкес, кемшіліктер анықталса, әкімдік тарапынан мердігерге қатысты тиісті шара қабылданбақ.

Қонаев қаласында жаңа жылдық безендіруге байланысты аудит жүргізіледі

 Қалалық ТҮКШ және ТҮИ бөлімінің мемлекеттік тапсырысын орындауға портал арқылы «Жасыл қала Қонаев» ШЖҚ МКК таңдалған. Аталған мекеме орталық алаңға шырша, Д.Қонаев ескерткіші маңына 2025 мерекелік жазуын, түрлі ойыншықтар орналастырып, №5 жағажай аумағын безендіріп, парк, көпір, қалаға кіреберістегі стела мен аллеяларды жарықтандырған, мерекелік ойыншықтар қойған. Мемлекеттік тапсырысты беру кезінде тек Жаңа жылда ғана емес, жыл соңына дейін нысандардың жарықтандырылып, көрікті болуы есепке алынған. Ал №5 жағажай туристік тартымдылықты арттыру мақсатында безендірілді. Шағын сәулеттік нысандар «Жасыл қала Қонаев» ШЖҚ МКК балансында қалып, келер жылы да пайдаға асады. Жыл соңында қаланы безендіруге мемлекеттік тапсырыс тек қосымша әрлеу ретінде жасалады,- деді Қонаев қаласы әкімдігінің баспсөз қызметкері Ақерке Жұмағазықызы.

Қонаев қаласында жаңа жылдық безендіруге байланысты аудит жүргізіледі
Өзгелердің жаңалығы