Алматы облысынан көмекке 8 техника жетті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қонаев әкімдігінің тарапынан ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Асхат Жексенбеков техникалардың жұмыс істеуін қадағалап жатыр.
Қазіргі таңда БҚО-дағы Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп, су тасқыны қаупі төніп тұр. Техникалар күшейтілген режимде, 3 ауысымда жұмыс істеп жатыр. Арнайы келіп, көмек қолын созып, бөген тұрғызуға үлес қосудамыз, - деді Асхат Жексенбеков.
Айта кетейік су алған аймақтарға Алматы облысынан 171 техника аттанған болатын.