Қолында кірпіші бар ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасады

2 Қазан 2019, 19:24
1732
Бөлісу:
Қолында кірпіші бар ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шахтинскіде ішімдікке масайған тұрғын әйелін шанышқымен жаралап, көмекке келген дәрігерлерге кірпіш ала жүгірген. Бұл туралы patriotkaragandy сілтеме жасап, Zakon.kz хабарлады. 

Жедел жәрдем көлігіне кіріп алған дәрігерлер төбелескіш азаматты видеоға түсіріп алды. Енді ол қылмыстық істің күдіктісі ретінде тергеледі.


Аталмыш пабликтегі мәліметке сәйкес, әйел адам жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалып, құлағынан жарақат алғанын, басы айналып тұрғанын айтқан. Алайда, оның күйеуі үйге келген дәрігерлерді кіргізбей қойған. Артынша дәрігерлер полицияға қоңырау соғып, мән-жайды түсіндіріп, көліктеріне қарай беттейді.

Ішімдікке мас болған ер адам дәрігерлердің соңынан түсіп, қолына кірпіш алып, машинаның капотын ұрғылай бастаған.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына жеткеннен кейін дәрігерлер зардап шеккен әйелге көмек көрсетті. Ол мән-жайды түсіндіре келе, күйеуі құлақ тұсынан шанышқымен ұрып жібергенін айтты.

 

Өзгелердің жаңалығы