"Астана" өңірлік әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды

18 Желтоқсан 2019, 12:26
3253
Бөлісу:
"Астана" өңірлік әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Өкімімен Дулат Темірғалиұлы Адырбеков "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды, - делінген таратылған ақпаратта.

Генерал-майор Дулат Адырбеков 1970 жылы 13 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1985 жылы Шымкент облысы Шәуілдер поселкасында орта мектептің 8-сыныбын бітіріп, Шымкенттегі әскери кәсібиленген арнайы мектебіне түсіп, 1988 жылы бітірген.


Өзгелердің жаңалығы