Қоғамдық топтың құрамында қанша адам болады

2 Қараша 2023, 13:15
691
Бөлісу:
Қоғамдық топтың құрамында қанша адам болады
Фото: Ортком

Қоғамдық топта бес азамат болуы қажет, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров мәлімдеді.

 Қоғамдық топта 5 адамға дейін болса деп отырмыз. Бес азамат біргіп, өздері хаттамасын жасап, «Осындай топ құрылды, осындай мәселені қарастырамыз, осы сала қызықтырады, мына салада тексеру жүргіземіз» деп хаттама жасайды. Сол хаттамаға сәйкес жұмыс жүргізілетін болады,– дейді вице-министр Данияр Қадыров.

Өзгелердің жаңалығы