Қоғамдық моншаға келуші шкафтан телефон ұрлап кеткен
24 Мамыр, 13:14 439

Қоғамдық моншаға келуші шкафтан телефон ұрлап кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Елорда тұрғыны полицияға хабарласып, Сатпаев көшесіндегі «Демалыс» моншасында белгісіз біреу құны 170 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткенін ,- деп хабарлайды  Нұр-Сұлтан қаласының  ПД баспасөз қызметі.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 33 жастағы ер адамды ұстады. Тергеу барысында анықталғанындай, күдікті келушілердің заттары сақталған шкафтарға қасақана түрде бет алған. Күдікті еркін кіру арқылы сақтау камералардың бірінен «Samsung» маркалы ұялы телефонын ұрлап алып, моншадан шығып кеткен.

 Күдікті өз кінәсін мойындады, ұсталған азаматтың елорда аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға ЕСКЕРТЕДІ.


Фото: дереккөз
Загрузка...