Қоғамдық кеңес төрағасы: Семейліктер бұл сәтті 25 жыл бойы күтті

17 Наурыз 2023, 19:56
1096
Бөлісу:
Қоғамдық кеңес төрағасы: Семейліктер бұл сәтті 25 жыл бойы күтті
Фото: Абай облысы әкімдігі

Семей қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Шаған Жұмақсанов осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дөңгелек үстелге қатысушылар облыстың өткен жылдағы жетістіктерін, сондай-ақ мемлекеттегі саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар аясында өңірді дамытудың алдағы перспективаларын талқылады.

Әлихан Бөкейхан атындағы университетте өткен «Жаңа күн – жаңалық жаршысы» атты дөңгелек үстелде Абай облысының қоғамдық кеңесінің төрағасы Мейрамхат Айнабеков Президенттің жаңа облыс құру туралы қабылдаған шешімі ерекше мәнге ие болғанын атап өтті.

Осыдан тура бір жыл бұрын ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жаңа Абай облысы құрылатыны туралы мәлімдеді. Бұл шын мәнінде келешек ұрпақ үшін, семейліктер үшін маңызы зор тарихи шешім болды. Бүгін біз облысымыздың одан әрі даму перспективаларын, сондай-ақ өткен бір жылда қол жеткізген нәтижелерді талқылау үшін жиналдық, – деді Мейрамхат Айнабеков.

Қоғамдық кеңес төрағасы: Семейліктер бұл сәтті 25 жыл бойы күтті

Ауылдық округтерді дамыту бойынша жоспарлар көп. Мәселен, көптеген ауылда мәдениет мекемелерін ашу, сонымен қатар, спорт модульдерін, жүзу бассейндерін көбейту көзделуде. Денсаулық сақтау саласы да назардан тыс қалмайды: Семейде 150 орындық сауықтыру және оңалту орталығы ашылды, бірақ бұл әлі де жеткіліксіз. Облыста күрделі диагнозбен ауыратын балалар бар, олардың аналары жеке қабылдауға келіп, оңалту мәселесін жиі көтеріп жүр. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Қоғамдық кеңес төрағасы: Семейліктер бұл сәтті 25 жыл бойы күтті

Семей қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Шаған Жұмақсанов Мемлекет басшысының жаңа облыс құру туралы шешімі ең алдымен жастар мен өскелең ұрпақ үшін маңызды шешім болғанын атап өтті.

Тарихи шешім қабылданғалы бері жеткен жетістіктеріміз аз емес. Қазақстан картасында алғаш рет Абай облысының пайда болуы біз үшін үлкен бақыт. Семейліктер бұл сәтті 25 жыл бойы күтті. Арманымыз орындалды. Осындай шешім қабылдаған Мемлекет басшысына мың алғыс, - деп жиынды қорытындылады Шаған Жұмақсанов.

Өзгелердің жаңалығы