Қоғамдық кеңес отырысында Әлеуметтік кодекс жобасы талқыланды

16 Қыркүйек 2022, 20:18
889
Бөлісу:
Қоғамдық кеңес отырысында Әлеуметтік кодекс жобасы талқыланды

Әлеуметтік-еңбек мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің онлайн режимінде өткен кезекті отырысында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің жобасы қаралды,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов құжатта көзделген негізгі аспектілерге, сондай-ақ оны жүзеге асыру перспективаларына тоқталды.

Мәселен, оның айтуынша, Кодекстің қабылдануы халықтың әлеуметтік заңнаманы түсінуіндегі қиындықтардан арылуға, нормативтік құқықтық актілерді ұсынудың бірыңғай стилін енгізуге, нормалардың қайталануы мен шашыраңқылығын жоюға, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту жағдайына автоматтандырылған мониторинг жүргізуге, әлеуметтік құқықтар мен кепілдіктерді қамтамасыз ету бойынша алдын алу шараларын қабылдау және т.б. мүмкіндік береді.  

Кодекс құрылымында екі бөлік қарастырылған – жалпы және ерекше. Біріншіден, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы негізгі ережелер, мемлекеттік реттеу және оның түрлері, әлеуметтік құқықтар тізбесі және мемлекеттік әлеуметтік қолдау көрсету қағидаттары, әлеуметтік қызметкерлердің құқықтық мәртебесі жазылады. Екінші бөлім әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы жарналары және т.б. жүзеге асыру тәртібі мен бағыттарын регламенттейтін болад, – деді Ақмәди Сарбасов.

Вице-министр баяндаудың тәртібі туғаннан бастап зейнеткерлікке шығуға дейінгі әрбір адамның өмірлік жолының кезеңдеріне сәйкес құрылатынын, кейіннен қажеттілік әркімде туындамауы мүмкін шараларды (өмірлік қиын жағдайда жүргендер үшін әлеуметтік кепілдіктер) көрсете отырып құрылатынын атап өтті.

Кодексте сондай-ақ мынадай бағыттарды дамыту көзделген: әлеуметтік құқықтар мен кепілдіктерді қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейту, азаматтарды әлеуметтік қолдауды жаңғырту, әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз етудің кешенді моделі, мемлекеттік қызметтерді трансформациялау және реинжинирингтеу, әлеуметтік институттарды реформалау.

Осылайша, Әлеуметтік кодексті енгізу халықтың мемлекет жүргізіп отырған әлеуметтік саясат туралы түсінігін арттырып қана қоймай, азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартады, - деп түйіндеді сөзін Ақмәди Сарбасов.

Қоғамдық кеңес отырысының екінші бөлімінде кеңеске қайта сайлау өткізу мәселесі де қаралып, кандидаттармен әңгімелесу жүргізілді.

Өзгелердің жаңалығы