Қоғамдық-бақылау комиссиясы тергеу изоляторларында 60-тан астам рет болған

16 Ақпан 2022, 11:22
1533
Бөлісу:
Қоғамдық-бақылау комиссиясы тергеу изоляторларында 60-тан астам рет болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚАЖ комитеті төрағасының орынбасары әділет генерал-майоры Мейрам Аюбаев брифинг барысында айтты. 

Мәселен, қоғамдық-бақылау комиссиясы  13 тергеу изоляторында 60-тан астам рет болды.Мекемелердегі    барлық тұрғын,     қызметтік,    коммуналдық-тұрмыстық   бөлмелерді     қоғам мүшелерінің комиссиясы тексереді.Тергеу изоляторларына түскен барлық адам міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді, - деді Аюбаев. 

Ол қабылдау комиссиясының мүшелері кімдермен кездескенін де айтты. 

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Әзімова Эльвира Әбілқасымқызы, «Адам құқықтары үшін Хартия» қоғамдық қорының басшысы      Тұрмағамбетова Жеміс Өтегенқызы       бастаған Комиссия қоғам мүшелері және адвокаттармен бірге   тергеу изоляторларында     ұстау жағдайларын тексеріп, 6 өңірде,  100-ден астам тергеумен қамалған адамдарды қабылдады.Сондай-ақ ұстау жағдай-ларын Мәжіліс, мәслихат депутаттары мен жергі-лік-ті атқарушы органдар тексерді. Осы кездесу-лер-дің нәтижесінде мекеме әкім-шілігіне шағымдар түскен жоқ, - деді Мейрам Аюбаев. 

Өзгелердің жаңалығы