Қоғамдағы өзекті тақырыптарға арналған бейнероликтерге байқау жарияланды

2 Мамыр 2024, 14:49
761
Бөлісу:
Қоғамдағы өзекті тақырыптарға арналған бейнероликтерге байқау жарияланды
Фото: Арман Мухатов - архив

Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Хабар» Агенттігі» АҚ экологиялық және қоғамдық мәдениет, қоршаған орта мен ресурстарға ұқыпты қарау (суды, электр энергиясын және т.б. үнемдеу) және мемлекеттік рәміздерді дәріптеу тақырыптарына арналған бейнероликтерге байқау жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екі кезеңнен тұратын байқаудың алғашқы кезеңінде аталған тақырыптарды мағыналық және графикалық кескінделуі тұрғысынан жан-жақты ашатын аудиовизуалды туындының идеясы мен тұжырымдамасы қабылданады. Сонымен қатар өтінім берушілер бейнероликтер жасау құнының негіздемесі мен шығармашылық тобы туралы өмірбаяндық және шығармашылық-ақпараттық мәліметтерді қоса ұсынуға тиіс. 

Әлеуетті орындаушылардан өтінім қабылдау 2024 жылғы 1 мамырдан 15 мамырға дейін жүргізіледі. Құжаттар astana@khabar.kz электрондық поштасына жіберілуге тиіс. 

Екінші кезеңде қабылданған өтінімдердің тақырыптарды ашатын ең ұтымды идеялары мен тұжырымдамалары іріктеліп, өтінім берушілердің біліктілігі мен тәжірибелік дағдыларын, төлем қабілетті мен материалдық-техникалық базасының болуын растайтын құжаттар сұратылады. 

Байқау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзім өткеннен кейін тапсырылған, байқау талаптарына сай келмейтін құжаттар ұсынған және дәйексіз, бұрмаланған ақпарат берген өтінімдерді іріктеу комиссиясы қарамайды. 

Қосымша сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласып білуге болады: +7 747 115 4851 (Пакизат Оналбай). 

Қоғамдағы өзекті тақырыптарға арналған бейнероликтерге байқау жарияланды
Өзгелердің жаңалығы