"Қоғамда хайп көп". Министр Болашақ бағдарламасында шыққан дауға нүкте қойды

Кеше, 13:13
363
Бөлісу:
"Қоғамда хайп көп". Министр Болашақ бағдарламасында шыққан дауға нүкте қойды
Фото: Арман Мухатов - Архив

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Жасұлан Темірбаевтың мәлімдемесін жоққа шығарып, хайпқа теңеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясына іріктеуге қатысқан Жасұлан Темірбаевқа комиссия мүшесі тілге қатысты сұрақ қойған еді. Кейін Темірбаев желіге даулы жазба қалдырып, мәселе қоғам арасында қызу талқыға түсті. Темірбаевтің сөзінше, комиссия "сіз орыс тілінде акцентпен сөйлегеніңіз үшін Қазақстанды ұятқа қалдырасыз" деп айтқан.

Саясат Нұрбек Жасұлан Темірбаевтың сөзі ақиқатқа жатпайтынын айтады.

Неге десеңіз, бізде конкурстық процедуралар екі сатымен өтеді. Бірінші сатыда тест тапсырады. Екінші сатыда тәуелсіз сарапшылар комиссиясымен сұхбат жүргізіледі. Бірнеше жылдан бері бүкіл сұхбаттар видеоға жазылады. Біз осы мәселені бірден қолға алдық. Видеоны қарағанда ондай сұрақтар сұралған жоқ. Бүгін видео жарияланады. Неліктен бірден жарияламадық? Сарапшылардан біз рұқсат алуымыз керек еді. Ресми түрде! Себебі олардың да құқығы ескерілуі керек. Жаңа жылдық мейрам болғаннан кейін олар енді шығып, құжаттарын алып, жариялаймыз. Сондықтан, өздеріңіз көресіздер, – дейді ол.

Ғылым министрі Темірбаевтың видеосын өз көзімен көрген. Сөзінше, мұндай конкурстық процедуралар видеожазбаға жазылып отырады.

Өкінішке қарай, біздің қоғамда хайп көп. Мейлінше, комиссия, конкурстық процедуралар басқа жерде де біз максималды түрде цифрлық форматқа және видеожазба ретінде жүргізіп жатырмыз. Ғылым саласында да видео тіркеуге жатады, – дейді Нұрбек.

Өзгелердің жаңалығы