Қоғам "біз және олар" деп екіге жарылмауы керек – Дана Нұржігіт

17 Тамыз 2022, 13:38
1698
Бөлісу:
Қоғам "біз және олар" деп екіге жарылмауы керек – Дана Нұржігіт

Парламенті Сенатының депутаты Дана Нұржігіт ата-аналарға арналған тамыз конференциясында ұсыныс айтты, BAQ.KZ тілшісі.

Дана Нұржігіттің айтуынша, тамыз конференциясы тек балалар жылына орай емес, жылда ұйымдастырылуы керек.

«Балалар жылы» деп ата-аналардың басын қосып жатырмыз. Бұл тек балалар жылы жасалатын дүние емес. Менің ұсынысым. Ата-аналардың тамыз конференциясы дәстүрлі түрде өткізіліп тұруы керек. Халық үніне құлақ асатын мемлекет құрамыз дедік.  Ал бұл дегеніміз не? ол билік және қоғам деген сөздің арасындағы шекараны бұзу. Біз және олар деген екіге жарылған қоғам болмауы тиіс. Тек біз деген қоғам болуы керек, – депутат.

Депутат мемлекеттің атқарып жатқан барлық ісі келешектің қамы үшін екенін атап өтті.

Біз Парламентте заңдарды талқылаймыз. Сонымен бірге құқық жайлы, сәбізбен картоптың бағасын айтамыз. Қантқа талас пен жанар-жағармай мәселесі туралы да ортаға саламыз. Оның бәрі күнделікті операцияда болатын дүние. Ал түптің түбінде ол болашақтың қамы. Қоғамда ата-ананың рөлі маңызды. Мен бұл жерде депутат ретінде сөйлеп тұрғаныммен мишығымның бір жағы балам не істеп отыр екен деп ойлап отырмын, – деді Дана Нұржігіт.

Айта кеткен жөн, бүгін елордада «Саналы ұрпақ – ұлт болашағы» атты Республикалық Тамыз конференциясы өтті. Шараны «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясымен бірлесіп ұйымдастырды. Конференцияға еліміздің барлық облыстарынан 800-ге жуық белсенді ата-ана қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Өзгелердің жаңалығы