Қобда кентінде 700 текше метрден астам су сорылды

29 Наурыз 2024, 20:55
482
Бөлісу:
Қобда кентінде 700 текше метрден астам су сорылды
VIDEO
Фото: скриншот

Ақтөбе облысында екі ауданның су басқан учаскелерінде суды сору жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ақтөбе облысы Қобда кентінде ТЖД жедел тобы аула аумақтарынан еріген қар суын сору жұмыстарын жүргізуде. 
Қазіргі уақытта 700 текше метрден астам су сорылды. 600-ден астам қаптар төселді.

Сондай-ақ су басқан тұрғын үйлерден үй заттарын эвакуациялау жүргізілуде. Эвакуациялау үшін үрлемелі қайықтар мен ТЖД жоғары өтімді техникасы пайдаланылуда.

Сонымен қатар бүгін Ойыл ауданы, Ш.Берсиев а/о, Қаратал ауылында еріген қар суының жиналуына және "Ойыл" өзенінің деңгейінің көтерілуіне байланысты ауылды су басты.

Эвакуациялық пункте 246 адам, оның ішінде 117 бала бар. ТЖД күштерімен адамдарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.

Т.Бигелдинов әуе қорғанысы күштері әскери институтының тікұшағы жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы