Қаржы мониторингі агенттігі бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау вице-миниистрі Сарбасов ісіне қатысты тың мәліметті жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді.
Айтуынша, бұрынғы вице-министр ісіне тағы бір шенеунік пен белгілі банк басшысының қатысы бар.
Оның (Ақмәди Сарбасовтың – ред.) істегі қазіргі мәртебесі – күдікті. Қазіргі уақытта пара алу дерегіне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ол қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасымен қамтылған. Сондай-ақ іс бойынша онымен бірге екі фигурант бар. Олар: бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Дәулет Арғындықов пен Forte Bank акционерлік қоғамы төрағасының экс-орынбасары Руслан Омаров, - деп атап өтті ҚМА басшысының орынбасары Жеңіс Елемесов Сенаттың кулуарында берген сұхбатында.
Еске салайық, бұған дейін бұрынғы Еңбек вице-министрі, кейін Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басшысы болған Ақмәди Сарбасовтың қамауға алынғанған еді.