Қорғаныс министрінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев Аягөзде қайтыс болған офицер деректер айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл офицер 2 жылға әскерге шақырылған. 6 қыркүйекте гарнизондағы қаржы бөліміне офицер лауазымына тағайындалған. Көшіп келуіне байланысты берілетін арнайы төлемдер, жалпы барлық ақша төленген. Жұмыстан кейін өзінің үйіне барып, сондай жағдай жасаған . Оның келгеніне көп болмағандықтан әскери қызметтің қиындығын да көріп үлгермеді деп ойлаймын. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басқа ақпарат бере алмаймын, – деді генерал-майор ОКҚ-да өткен брифингте.
Еске сала кетейік, осыған дейін генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев әскердегі әлімжеттіктің азайып келе жатқанын айтты. Ол әскерде ақша бопсалайтын офицерлер мен сержанттар туралы да пікірін білдірді.
Оқи отырыңыз: