Қиын Керіш шатқалында этноауыл салынады – ШҚО

23 Мамыр 2024, 00:19
461
Бөлісу:
Қиын Керіш шатқалында этноауыл салынады – ШҚО
Фото: baq.kz

Күршім ауданындағы Қиын Керіш шатқалында этноауыл салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шығыс Қазақстан облысындағы кез келген ауданының туристік әлеуеті жоғары. Солардың бірі – Күршім ауданының Құйған, Қайыңды ауылдарында да алдағы уақытта демалыс базаларын салу жоспарланған. Бұл жөнінде Күршім ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Әлібеков баспасөз мәслихатыда айтты.

Бүгінгі таңда бірнеше ауданмен шектесіп жатқан Бұқтырма су қоймасының жағалауы облыстағы туризм орталыған айналып келеді. Осы қатарда Бұқтырма су қоймасының Күршім жақ жағалауындағы Құйған, Қайыңды ауылдарының маңында туристік базалар салу бойынша ұсыныстар түскен. Сондай-ақ «Ауыл аманаты» жобасы аясында Қиын-Керіш шатқалында этноауыл салу бойынша жеке кәсіпкер жоспарларын енгізген болатын, аталған жоба басталғаннан кейін жүзеге асыру жұмыстары жүргізілетін болады, – деді М.Әлібеков.

Өзгелердің жаңалығы