Алдағы 20-30 жылда Қазақстандағы энергетика саласы қалай өзгеруі мүмкін? Әлемдегі ахуал біздің елге қалай әсер етіп жатыр? Бұл сұрақтардың жауабы «Мінбердің» кезекті шығарылымда айтылды деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сұхбат барысында экономика ғылымдарының кандидаты Сапарбай Жубаев АЭС құрылысы жөніндегі ойларымен бөлісті.
Оның айтуынша, келешекте Қазақстан көмір жағу көлемін едәуір азайтады. Ал біздегі электрэнергияның басым бөлігі жылу электр стансаларында өндіріледі. Бұл ретте қандай қадамдарға бару қажет? Сондай-ақ өзімізді тоқпен жарылқап, өзгелерге де сата алатындай жағдай жасай аламыз ба? Маманның бұл жөніндегі болжамын «Мінберден» біле аласыздар.