Қиратушыларға 100 долларға дейін ақша берген. Қилымжанов мемлекеттік ғимараттарды басып алу туралы айтты

19 Сәуір 2022, 11:57
1054
Бөлісу:
Қиратушыларға 100 долларға дейін ақша берген. Қилымжанов мемлекеттік ғимараттарды басып алу туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос  Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Алматы облысында «О» және «Н» есімді азаматтар анықталды. Олар Талдықорған қаласында қиратулар, азаматтардың мүліктерін жою, мемлекеттік объектілерді басып алу қатысушыларын қаржыландырған. Әрбір қиратушыға қатысқаны үшін 20-дан 100-ге дейін АҚШ долларын берген. Бұл деректер тергеуде анықталды. Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан адамдардың жауаптарымен расталды, - деді ол. 

Қилымжанов атағандай, Жамбыл облысының тұрғыны «телеграм» арнасын ашқанын айтты.

Осы арқылы ол барикада құру, молотов коктейльдерін дайындау, құқық қорғау қызметкерлеріне қарсылық білдіру үшін толық нұсқаулық дайындап отырған. Күдікті адам анықталды. Қазір ол қамауда, - деді Қилымжанов. 

 

 

Өзгелердің жаңалығы