Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мысалы, 5 қаңтар күндіз қарулы шабуылдаушылар Алматы қаласы полицияның аудандық басқармасын басып алуға әрекет етті. Сол күні кешке қарулы шабуылдашылар қалалық полиция департаментіне шабуыл жасады. Дегенмен оларға қатаң тойтарыс берілді. Көптеген адамды қаза болған күйде алды. Қару қаруланған қылмыскерлер әртүрлі бағыттан үздіксіз шабуылдауды ұйымдастырып атыс-қару мен жарылғыш заттарды қолданды. Полиция ғимаратын қоршау тәуліктен астам уақытқа созылды. Қалалық әкімдік ғимаратын басып алып, қылмыскерлер резиденцияға қарай бет алды. Резиденцияға шабуыл кезінде қауіпсіздік қызметкерлерінің ескертуіне қарамастан, қылмыскерлер оларға атыс қаруын пайдаланатынын білсе де, ғимаратқа шабуыл жасауға барды, - деді ол.
Қилымжанов олар дүкендерден ұрланған қару-жарақ пен басып алған техниканы қолданғанын айтты.
Тірі қалқан ретінде әкімдікке шабуыл жасау кезінде тұтқынға алынған әскери қызметкерлер пайдаланылды.Сол күні Қызылорда облысында жергілікті полиция ғимаратына шабуыл жасалды. Қылмыскерлер жүк көлігімен ғимараттын қақпасын бұзып, көздеген оқтарды атуды бастады, бақылау-өткізу пунктін өртеп, жедел басқару орталығының камералары мен патрульдік автокөліктерін жойған, - деді ол.
Қилымжанов атағандай, нәтижесінде 6 құқық қорғау қызметкері ауыр жарақат алды. Осыған байланысты полиция заңды түрде жауапты оқ атуға мәжбүр болды.
Барлық шабуылдау фактісі және оған қатысқан адамдар бойынша олардың аталған қылмыстарға қатыстылығы жөнінде дәлелдемелер бар.Қылмыстық істердің тергеу барысында әрбір өңір бойынша қаза болған туыстарына жеке-жеке бұл дәлелдемелер ұсынылып жатыр, - деді ол.