Қазығұрт шыңын бағындырмақ болған қария құтқарылды

5 Шілде 2024, 11:53
416
Бөлісу:
Қазығұрт шыңын бағындырмақ болған қария құтқарылды
Фото: ТЖМ

ТЖМ құтқарушылары құтқару жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркістан облысында қария құтқарылды. 1958 жылы туған турист Қазығұрт шыңын мүлдем дайындықсыз бағындыруды ұйғарды. 

Өз бетінше қайтып түсе алмаған қарияға ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары көмекке келді. Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 66 жастағы турист таудан аман-есен түсіп, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды, - делінген хабарламада.

Ұлытау облысында жоғалған шопан табылды. ТЖД және ПД күштері Ұлытау ауданының Аралтөбе шаруа қожалығынан мал іздеуге жаяу шығып, қайтып оралмаған 1971 жылы туған ер адамды іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілді. Жоғалған адам Жезді кентінен 18 км қашықтықта табылды, медициналық көмекке мұқтаж емес.

Өзгелердің жаңалығы