QazVас вакцинасын алғандар қажылыққа бара ала ма?

6 Қазан 2021, 18:43
19499
Бөлісу:
QazVас вакцинасын алғандар қажылыққа бара ала ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифинг барысында мәлім етті.

Ол QazVac вакцинасының басқа мемлекеттерде қашан мойындалатыны туралы сұраққа жауап берді.

Отандық QazVac екпесі ДДСҰ-да тіркелу сатыларынан өтіп жатыр. Вакцинамыз мақұлданған жағдайда өзге нарықтарға жол ашылады. Өздеріңіз білетіндей, еліміз өз вакцинасын клиникалық іс жүзінде шығарған алтыншы мемлекет. Оны өз күшімізбен жасадық, - дейді Денсаулық сақтау министрі.
Оның мәлімдеуінше, QazVac вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеу жұмыстары сәтті өтсе, екпенің осы түрін алғандар да қажылыққа бара алады.
Айта кету керек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымындарында көптеген мемлекетте, трансұлттық компанияларда мұндай тіркеу процедуралары жылдар бойында қалыптасқан. Бізге бұл жүйе енді келіп жатыр. Оған арналған арнайы қызметтері де бар. Ал бізде жаңадан сондай жүйе орнатылып жатыр. Біз халықаралық қауымдастықтармен интеграциялану үстіндеміз. Тіркелудің алгоритмдерін пысықтап, құжаттарды бір қалыпқа түсіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл уақытты үлкен кезең деуге болады, - дейді Алексей Цой.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, министр медицина қызметкерлерінің төлемдері туралы айтты.

Өзгелердің жаңалығы