QazVac ресми түрде Қырғызстанда тіркелді

18 Тамыз 2021, 17:45
5520
Бөлісу:
QazVac ресми түрде Қырғызстанда тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой facebook-тегі парақшасында ресми құжатты жариялады.

«QazCovid-in», саудалық атауы «QazVac» — биологиялық қауіпсіздік мәселелерінің Ғылыми-зерттеу институты жасап шығарған коронавирусқа қарсы инактивті вакцина.

QazVac ресми түрде Қырғызстанда тіркелді


QazVac вакцинасы - инактивті вакцина. Организмді әрекет етуге әзірлеп, иммунитет антиденелері пайда болады. Сыртқы ортада жабайы айналымдағы вируспен кездескен жағдайда, организм көптеген антиденемен шабуыл жасауға дайын болады.

Вакцина 21 күн аралығымен екі дозамен енгізіледі.

Қазақстанның биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты әзірлеген QazVac вакцинасы Цельсий бойынша +2-ден +8 градусқа дейінгі температурада сақталуы мүмкін, бұл өзінің шетелдік баламаларынан айырмашылығы оны тасымалдауға және сақтауға қарапайым етеді. Мысалы, оған арнайы қатаң температура қажет емес. Бұл ерекшелік оның ел өңірлеріне жеткізілуін айтарлықтай жеңілдетеді. Осындай нәтижелерге вакцинаны жасаудың бастапқы кезеңінде ғалымдар таңдаған тәсіл арқылы қол жеткізіледі.

Еске салсақ, жақында шетелдік басылымдардың бірі отандық «QazVac» вакцинасы туралы жазғанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы