«ҚазТрансГаз Аймақтың» жылыту маусымына дайындығы белгіленген кестеден ертерек жүріп жатыр

13 Маусым 2022, 20:18
1848
Бөлісу:
«ҚазТрансГаз Аймақтың»  жылыту маусымына дайындығы  белгіленген кестеден ертерек жүріп жатыр
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Газ саласының алдағы жылыту маусымына деген дайындық жұмыстары «QazaqGaz» ҰК» АҚ басшылығының жіті бақылауында. 

«QazaqGaz» Ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Санжар Жаркешовтың тапсырмасына сәйкес, алдағы күз-қыз маусымдарына дайындық 5 мамыр күні-ақ басталған. Бүгінгі, 13-ші маусым күнгі деректерге сәйкес,   «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ («QazaqGaz» ҰҚ» АҚ еншілес кәсіпорны) газ тарату желілері мен газ жабдықтарының алдағы жылыту маусымына дайындығы кестеден бұрын жасалып келеді. Газбен жабдықтау жүйелерін күзгі-қысқы маусымдағы жұмысқа дайындауға барлық өңірлерде компанияның жетекші техникалық қызметтері тартылған.

«ҚазТрансГаз Аймақтың»  жылыту маусымына дайындығы  белгіленген кестеден ертерек жүріп жатыр

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директоры Хакім Мақсұттың айтуынша, жылыту маусымының қолайлы өтуіне өндірістік филиалдардың күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша толық көлемде жүргізген кешенді шаралары ықпал етеді. 

Газ желілері мен олардағы жабдықтарды қысқы жағдайда жұмыс істеуге дайындаумен байланысты регламенттік жұмыстар мерзімінде сапалы орындалуда. Біз дайындық жұмыстарының кесте бойынша жүргізілгенін қатаң қадағалап отырмыз, кестені бұзбаймыз. Барлық өңірлерде ГРП, ШРП, жер асты газ құбырларының аспаптық диагностикасы жүргізіледі, жер үсті желілерін де жөндеп жатырмыз, - деді Хакім Мақсұт.

 Күз-қыс мезгіліне негізгі дайындық іс-шаралары техникалық жұмыстардың 21 түрін қамтиды, оның ішіне жер үстіндегі және жерасты газ желілерінің тұтастығын тексеру және жөндеу, газ құбырларындағы жабдықтың жай-күйін зерттеу мен ауыстыру және т. б. кіреді.

«ҚазТрансГаз Аймақтың»  жылыту маусымына дайындығы  белгіленген кестеден ертерек жүріп жатыр

Атап айтқанда, бүгінге дейін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қатысатын өңірлер бойынша 2650 шақырым газ құбырларына аспаптық тексеру жүргізілді. Бұл тексерулер құбырлардағы ақаулар мен құбыр жабындысының сапасын анықтауға, олардың тұтастығын уақытында қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Осыған байланысты жер асты газ желілерінің зақымдалған тұстары қалпына келтірілді. Сондай-ақ, жерасты газ құбырларының электрохимиялық қорғанысының тұтастығы тексерілді.

 13 маусымға дейін барлығы 258 газ тарату пунктіне (ГРП), 2 941 шкафты тарату пунктіне (ШРП) ағымдағы жөндеу жүргізілді.

«ҚазТрансГаз Аймақтың»  жылыту маусымына дайындығы  белгіленген кестеден ертерек жүріп жатыр

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның 11 облыста және республикалық маңызы бар үш қалада 14 өндірістік филиалы бар. Абоненттердің саны 2 миллион 222 мыңнан (9 млн астам тұрғын), газ тұтынатын кәсіпорындар саны 55 мыңнан асты. Қызметтің басты бағыты - тұрғындарды, коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік кәсіпорындарды апатсыз және үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ету. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ міндеті - адамдарға жылу мен қуаныш сыйлау, еліміздің әл-ауқатын арттыруға үлес қосу.

 Өткен жылдың соңында «ҚазТрансГаз» АҚ аталуы бойынша өзгеріске ұшырады, енді ол «QazaqGaz» ҰК» АҚ деп аталады. Атауы өзгермес бұрын мекеме Ұлттық компания мәртебесін иеленген еді. 

Өзгелердің жаңалығы