Qazsport телеарнасының директоры ауысты

8 Маусым 2020, 16:18
1776
Бөлісу:
Qazsport телеарнасының директоры ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай ұжымға жаңа басшыны таныстырып, Нағи Бақытбековтың тағайындалуы арнаның қызметіне жаңа серпін беріп, одан әрі дамуына ықпал ететініне сенім білдірді. 

Бұл туралы "Қазақстан" РТРК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Нағи Бақытбеков 1987 жылы дүниеге келген. Бұған дейін KazFootball ақпараттық футбол порталының директоры, соңғы үш жылда Қазақстан футбол федерациясы Маркетинг және PR департаментінің директоры қызметін атқарған.

Qazsport арнасы спорт жанкүйерлерінің сұранысына сай ішкі чемпионаттар мен халықаралық беделді бәсекелерден хабар таратып қана қоймай, жас жеткіншектерді спортқа баулып, қазақстандықтардың салауатты өмір салтын қалыптастыру ісіне атсалысуы тиіс, - деді Ләззат Танысбай. 

Сондай-ақ, Басқарма төрайымы осыған дейін арнаны 5 жылдан аса басқарған Павел Цыбулиннің отандық спорттық журналистиканың дамуына қосқан үлесі мен сіңірген еңбегін атап өтіп, атқарған жұмысы үшін зор алғыс білдірді.

П.Цыбулин тәжірибелі маман ретінде аутсорсинг компанияда Qazsport телеарнасының контент өндірісі және шығармашылық жобалармен айналысады, - деді ол. 

Qazsport - Қазақстандағы тұңғыш әрі жалғыз спорттық телеарна. 2013 жылдың 1 шілдесінен эфирге шыға бастады.

Өзгелердің жаңалығы