«Қазқұтқару-2023»: Алматыда 4 елдің әскерилері біліктілігін ортаға салды

16 Мамыр 2023, 13:13
1057
Бөлісу:
«Қазқұтқару-2023»: Алматыда 4 елдің әскерилері біліктілігін ортаға салды
PHOTO
Фото: ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы

Алматы облысы Тамғалы Тас шатқалында «Жартасты қала-Астана» оқу-жаттығу полигонында «Қазқұтқару-2023» халықаралық жиын-семинары өтіп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жиын-семинарының 1-кезеңінде ТЖ саласындағы еріктілердің республикалық форумы ұйымдастырылып, 45-тен астам ерікті қатысты. Жиында, пилотсыз авиацияны қолдану бойынша мастер-тренинг және жарыстар өтті. Аталған іс-шараға ҚР ТЖ вице-министрі Марат Күлдіковтің басшылығы қатысты. 

«Қазқұтқару-2023»: Алматыда 4 елдің әскерилері біліктілігін ортаға салды

18 мамырға дейін Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстаннан ТЖМ қызыметкерлері үшін пилотсыз авиацияны қолдану бойынша мастер тренинг ұйымдастырылады. Сонымен қатар кинологиялық есептобына арналған тренингтер өтуде. Оған барлығы 90 қызметкер, арнайы дайындықтан өткен 45 ит қатысуда. Бұдан бөлек шетелдік мамандар ТЖД жою бөлімшелері қызметкерлері үшін теориялық және практикалық сабақтарын ұйымдастыруда, – дейді ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Роллан Есмағанбетов.

Оқу-жаттығу полигонында Қазақстан төтенше ведомстволары қызметкерлерінен - 45 адам, Қырғызстаннан – 2, Тәжікстан – 2 және Өзбекстаннан – 2 адам қатысты. Біліктілігін ортаға салды. Әскерилер іс-қимылдарды жоспарлау, біліктілігін шыңдау, өзара іс-қимылды ұйымдастыруға барынша күш салды. 

«Қазқұтқару-2023»: Алматыда 4 елдің әскерилері біліктілігін ортаға салды

Сондай-ақ 22-24 мамыр аралығында ТЖМ-нің 37 кинологиялық есептобы сертификаттау сынақтарынан өтеді. Осылайша, төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерді іздеу дағдыларын арттырмақ. 

«Қазқұтқару-2023»: Алматыда 4 елдің әскерилері біліктілігін ортаға салды

Айта кетейік, «Жартасты қала-Астана» оқу-жаттығу полигоны - құтқару жұмыстарының барлық түрлерін жүргізуге әмбебап бейімделген ТМД-дағы жалғыз полигон. Мұнда 20 мыңнан астам құтқарушы қайта даярлаудан өткен. Жыл сайын мұнда, сүңгуірлер мен альпинистер өз шеберліктерін жетілдіреді, құтқару авиациясы пилоттық дағдыларын пысықтайды, ел өңірлерінен құтқарушылар пайдалы ақпаратпен алмасады, жұмыс тәжірибесі мен құтқару технологияларымен бөліседі.  

Өзгелердің жаңалығы