Қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігі бірінші орынға шығады – министр

30 Мамыр 2022, 19:16
1255
Бөлісу:
Қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігі бірінші орынға шығады – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі жергілікті тұрғындармен кездесіп, облыстың әлеуметтік нысандары мен кәсіпорындарын аралады.

Қосшынырау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуде ашық әңгіме болды. 

Ақсақалдар, құрметті еңбек ардагерлері, сондай-ақ жастар ауылдарды дамыту, газдандыру және жұмысқа орналастыруға байланысты өздерін толғандыратын мәселелерді көтерді. 

Қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігі бірінші орынға шығады – министр

Айтылған ұсыныстар мен проблемаларды Әлібек Қуантыров бақылауға алды. Ақсуат ауылында министр «Қазагромир» ЖШС пайдалануға берген жылыжай кешенінде болды. Жалпы ауданы 2,2 га болатын жылыжай толығымен автоматтандырылған. 

Қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігі бірінші орынға шығады – министр

Кешеннің қуаттылығы жылына 900 тоннаға дейін қызанақ пен қияр өсіруге мүмкіндік береді. 

Қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігі бірінші орынға шығады – министр

Мұндай жобалар өңірлерде қажет, әсіресе қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігі бірінші орынға шығады. Біз осындай жобаларды өз тарапымыздан қолдайтын боламыз, - деп атап өтті министр.

Өңірде «Ауыл - ел бесігі» жобасы белсенді жүзеге асырылуда. ҰЭМ басшысы Сырдария ауданының Ақжарма елді мекенінде автомобиль жолдары мен электр желілерін жөндеу бойынша жобалардың іске асырылу барысымен танысты. 

Қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігі бірінші орынға шығады – министр

Өткен жылы «Ауыл - ел бесігі» бойынша облыстың 27 ауылында жолдар жөнделді, мектептерде жөндеу жүргізілді, әлеуметтік нысандар мен газ тарату желілері салынды.

Бүгінде еліміз бойынша 6,3 мың елді мекен бар. Олардың көпшілігі даму әлеуеті бар. Тиісінше, оларды да қолдау керек. Биыл Қызылорда облысының 31 ауылында ірі жобалар жүзеге асырылады. Бұл мақсатқа шамамен 8 млрд теңге бөлінді. Біз өңірлерде «Ауыл - ел бесігі» бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын көріп отырмыз. Бұл, ең алдымен, үлгілі ауылға айналған Ақжарма тәжірибесінде байқалады, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы