Қазіргі мүмкіндік – Еуропаға Түркия арқылы шығу – Назарбетова

16 Қазан 2022, 17:39
1119
Бөлісу:
Қазіргі мүмкіндік – Еуропаға Түркия арқылы шығу – Назарбетова

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова «Желмая» жобасында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Түркияның әлемдік саясатта бұрынғымен салыстырғанда салмағы бар. Ол, әрине, мемлекет басшысының тұлғасына да байланысты. Қазір Ресейден Еуропаға тікелей жол жабық қой. Енді біз үшін де, басқалар үшін де қазіргі мүмкіндік – Еуропаға Түркия арқылы шығу. Сол үшін Түркияның осы сәтті өзіне ұтымды пайдалану үшін мүмкіндігі жоғары, - деді Назарбетова.

Сонымен қатар, сұхбатта ядролық қауіп және Түркияның Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату үшін жасаған қадамдары да айтылды. Сарапшы Түркия мен Қазақстан арасындағы сенім деңгейі жоғары екенін де атап өтті. 

Екі мемлекеттің басшыларының бір-бірімен теннис ойнауы қатты талқыланды. Бұл мемлекеттердің арасындағы сенім деңгейінің өте жоғары екенін, ресми ғана емес, бейресми тұрғыдан да бір-бірімен қарым-қатынастарының жақсы екенін көрсетеді, - деді ол.  

Әсел Назарбетова Қазақстан мен Түркия арасында кеңейтілген стратегиялық әріптестік орнатудың жаңа кезеңі басталғаны жөнінде де түсіндіріп кетті.

Яғни жан-жақты, барлық сала бойынша бір-бірімізбен әріптестік орнатуға талпыныс бар. Бізде сауда-экономикалық қарым-қатынастар бұрыннан бар. Мәдени-гуманитарлық салада да жақсы қарым-қатынаста болдық. Бірақ әскери қауіпсіздік бағыттары бойынша шектеулер болды. Кеңейтілген әріптестікте сол мәселе бойынша да келісімдер жасалды, - деді сарапшы.     

Өзгелердің жаңалығы