Қазіргі Cоvid-19-дің белгілері қандай?

12 Тамыз 2022, 12:44
5417
Бөлісу:
Қазіргі Cоvid-19-дің белгілері қандай?

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Денсаулық сақтау сарапшыларының брифингінде «Омикрон» штамын жұқтырған кездегі белгілер айтылды деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сарапшылар қазір Cоvid-19 пандемияның басындағыдан өзгеше екенін мәлімдеді. Осыған орай, биылғы 25 шілдеде ересектердегі Cоvid-19 коронавирустық инфекциясын диагностикалау және емдеу бойынша Клиникалық хаттаманың жаңартылған нұсқасы да бекітілгенін айта кеткен жөн.

«Омикрон» штамын жұқтырғанда инкубациялық кезең  2-4 күнге дейін қысқарды. Бұл штамм қазір біздің елімізде басым болып тұр. Аурудың орташа ауыр және ауыр ағымының өршуі адамның өкпесі қағынбай-ақ, интоксикация белгілері, қандағы және су-электролит мөлшеріндегі және басқа да бұзылыстар салдарынан болуы мүмкін. Сондықтан аурудың ауырлық деңгейін тек дәрігер ғана анықтай алады, – деді Министрліктің бас штаттан тыс инфекционсі Бақыт Көшерова.

Сондай-ақ маман бұрын пневмония салдарынан тыныс алудың қиындауына ауырлық деңгейінің анықтауыш критерийі ретінде қарасақ, қазір пациенттердің жай-күйіне интоксикация белгілері, қабынулар мен асқынулар, созылмалы аурулар себеп болуы мүмкін екенін айтты. 

Ал бүгінгі Cоvid-19 жалпы әлсіздікпен, бас ауруымен, терлеумен, дененің ауыруымен, жұту кезінде тамақ ауруымен, мұрын бітелуі, сирек құрғақ жөтел, құлақтың шуылдауы, есту қабілетінің бұзылуы, кейбір науқастарда диарея сияқты белгілерден көрінеді.

Өзгелердің жаңалығы