Париж Олимпиадасында қазіргі бессайыстан әйелдер арасында семсерлесуден іріктеу өтті. Отандасымыз Елена Потапенко 200 ұпай жинап, 27-сатыға тұрақтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл сайыста спортшымыз 15 рет қарсыласынан басым түсті. Ертең қазақстандық спортшы жартылай финалда А тобында өнер көрсетеді. Олар 200 метрге еркін әдіспен жүзуде кім мықтыны анықтайды.
Үшінші жарыс - конкур.
Шешуші жарыста атлеттер жүгіру кезінде лазерлі тапаншамен нысана көздейді.
Айта кетейік, спорттың бұл түрінде барлығы 72 спортшы (36 еркек, 36 әйел) жүлдеге таласады.