Қазір саяси жүйеде тепе-теңдік жоқ – депутат

21 Сәуір 2022, 16:53
1882
Бөлісу:
Қазір саяси жүйеде тепе-теңдік жоқ – депутат

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Саясат Нұрбек «Желмая» жобасында айтты.

Депутаттың айтуынша, елдегі стратегиялық өзгерістер саяси жүйенің өзгеруімен жасалып жатыр. Бұған дейін айтылған «алдымен экономика, содан кейін саясат» ұранының кесірінен саяси жүйемізді құртып алдық.

Қазір саяси жүйеде тепе-теңдік жоқ. Сот билігі, заң шығарушы Парлмент, атқарушы биліктің бақылау жүйесі бұзылып кетті. Оны түзетудің жылдам жолы Конститутцияға өзгерістер енгізу, яғни тепе-теңдікті қайтару. Саяси сахнаға жаңа партияларды шығару, белсенді, мықты азаматтарды шығару. Атқарушы билік өкінішке қарай монополияға айналып кетті, сосын бақылау жүйесі мүлдем құрыды. Одан бөлек саяси мәдениетті құртып алдық, - деді Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ ол өз сөзінде шетелде оқып жүргенде көрген саяси мәдениеттің мықты үлгілерін Парламенттің жұмысына енгізуді көздеп отырғанын айтты. Яғни Парламенттің мәртебесін, заң шығару деңгейін көтеруге атсалыспақ.

Парламентте өзінің талдау-зерттеу орталығы жоқ екен. Депутат бүкіл ақпаратты үкіметтен алады. Мәселен, АҚШ-тың Конгресінде бір министр келсе конгресмендер оны жан-жақтан сұраққа алады. Өйткені оның ақпаратына сүйенбейді, өздерінің тәуелсіз мәліметтері бар. Конгрестің жанында зерттеу орталықтары бар. Онда 640 P&D докторы кез келген тақырып бойынша өздерінің тәуелсіз зерттеулерін жасап қояды. қазір парламент жанынан тәуелсіз сараптамалық орталық ашу жөнінде ұсыныс жасап жүрмін,-деді депутат. 
 

Өзгелердің жаңалығы