ҚАЖ қызметкерлері сала ардагерлеріне құрмет көрсетті

2 Наурыз 2022, 05:03
1171
Бөлісу:
ҚАЖ қызметкерлері сала ардагерлеріне құрмет көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті 1 наурыз – Алғыс айту күнінде ҚАЖ саласының ардагерлері Т.Баймахановты, Л.Шабаевты, М.Салахадиновты және Н.Аббасовты құттықтады. 

Іс-шара барысында сала ардагерлері «Ішкі істер органдарының ардагері» медалімін және ҚАЖ департаменті бастығының алғыс хатымен марапатталды. 

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет подполковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлы сала ардагерлеріне құрмет көрсетіп,  Қылмыстық-атқару жүйесінің  қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқаны үшін алғысын білдіре отырып, шаңырақтарына шаттық, бақыт пен береке, зор денсаулық тіледі.

Сала ардагері Мұрат  Салахадинов ҚАЖ департаменті басшылығы мен қызметкерлеріне көрсеткен құрметтеріне риза болы, ұжымға бірлік, қызметте абыройлы  болып жетістіктерге жете беріңдер деп жылы лебізін білдірді. 

 

 

Өзгелердің жаңалығы