Қазгидромет басшыларының ұсталуына қатысты түсініктеме берілді

23 Қаңтар 2019, 18:56
5494
Бөлісу:
Қазгидромет басшыларының ұсталуына қатысты түсініктеме берілді

Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК ҚР ҚК 366-бабының 4-бөлігінде қарастырылғандай қылмыс жасады деген күдікпен «Қазгидромет» басшыларының ұсталуына қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасына сәйкес күдікті ретінде «Қазгидромет» РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры  Р.И. Андрианов және «Қазгидромет» РМК Бас директорының орынбасары Н.К. Сұлтанов ұсталды.

«Қазгидромет» РМК жүргізілген тергеу іс-шараларына қолдау көрсетіп, барлық сұратылған материалдарға кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етуде және жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралары туралы ақпараты жоқ екендігін хабарлайды» - делінген мекеме таратқан мәліметте.

Өзгелердің жаңалығы