«Қазфосфат» зауытында 2 жұмысшы мерт болды

3 Шілде 2022, 05:14
1116
Бөлісу:
«Қазфосфат» зауытында 2 жұмысшы мерт болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы полиция департаментінің алдын ала ақпараты бойынша, жұмысшылар ұсақтау машинасының астында қалған.

2022 жылдың 1 шілдесінде полицияға «Қазфосфат» ЖШС екі қызметкердің қаза тапқаны туралы ақпарат келіп түсті. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 156-бабы 4-бөлігі (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлады полиция департаменті.

Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу және процессуалды кодексінің 201-бабы аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жарияланбайды.

Өзгелердің жаңалығы