«Qazcontent» жас мамандарды қолдау мақсатында байқау жариялайды

13 Маусым 2022, 16:49
1406
Бөлісу:
«Qazcontent» жас мамандарды қолдау мақсатында байқау жариялайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Qazcontent» қоғамының құрамына кіретін El.kz интернет-порталы қазіргі таңда өзінің көзқарасы мен форматы бар ақпараттық ресурсқа айналу мақсатымен трансформациядан өтуде.

Осы сәтті пайдалана отырып, «Qazcontent» өзінің әлеуметтік жауапкершілігі аясында және жас мамандарды қолдау мақсатында байқау жариялайды!

Жоғары оқу орындарының «журналистика», «PR» немесе ұқсас мамандық бойынша тәмәмдап жатқан биылғы жылғы бір түлекке El.kz порталында штаттағы тілші ретінде еңбек жолын бастау не жалғастыру мүмкіндігін ұсынамыз. Тілі – қазақ немесе орыс.

Талаптары оңай. Өзіңіз туралы қысқаша ақпаратты, сондай-ақ кез-келген әлеуметтік мәселенің бетін ашатын материалды info@qcontent.kz поштасына «Байқау» деген тақырыппен жолдау қажет. Көлемі – 3,5 мың таңбадан кем емес және 10 мың таңбадан аспауы керек. Соңғы күн – 8 шілде. Сәттілік тілейміз!

Өзгелердің жаңалығы