ҚазАвтоЖол жүргізушілерге ескерту жасады

12 Ақпан 2024, 22:08
550
Бөлісу:
ҚазАвтоЖол жүргізушілерге ескерту жасады
Фото: BAQ.KZ архив

«ҚазАвтоЖол» компаниясы жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

13-14 ақпанда фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болжанады. Республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады, солтүстік облыстарда қалың қар жауады, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Еліміздің батысында, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында 5 градус аяздан, -2 градусқа дейін жылынады деген болжам бар. Ал, 15 ақпанға қарай республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы түнде 22-32, күндіз 15-27 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Құрметті жүргізушілер! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережелерін қатаң сақтап, төтенше жағдай кезінде ауа-райының қолайсыздығын ескеріп, ұзақ жолға шықпауларыңызды сұраймыз, - делінген автомобиль жолдарының ұлттық операторы таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, барлық шұғыл ақпарат Сапар мобильді қосымшасында орналастырылуда, сондай-ақ 1403 қысқа номері бойынша тәулік бойы колл-орталық жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы