"ҚазАвтоЖол" мамандары күн сайын республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойынан 500 тоннадан астам қоқысты жинап, шығарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ұлттық компаниясының баспасөз қызметі айтты.
Жол бойына азаматтар темекі тұқылын, пластикалық пакеттер мен бөтелкелерді, үй жануарларының өлекселерін және басқа да қоқыстарды тастап жатады.
Жолшы мамандар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолдың бойын барынша таза ұстайды. Өкінішке қарай, азаматтардың мұндай жауапсыз әрекеттерінен қоршаған ортаға зиян келіп жатыр, - деп жазылған хабарламада.
"ҚазАвтоЖол" компаниясы жолаушыларды табиғатты қорғауға және сақтауға шақырды.
Аулаңызды қалай таза ұстасаңыз, жолға да солай қараңыздар! - деп үндеу жасады мамандар.