Қазақстанның бес өңірінде республикалық маңызы бар тас жолдардың 21 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақмола облысында тұман, көктайғақ болуына, айналаның көріну деңгейінің төмендеуіне байланысты тас жолдардың 6 учаскесі жабылды:
- "Астана-Петропавл" тас жолы, 18-234 км, Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін ("КАЖсервис" ЖШС қызмет көрсететін ақылы аумақ) – 216 км.
- "Астана-Ерейментау-Шідерті" тас жолы, 16-200 км, Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін – 184 км.
- "Екатеринбург - Алматы" тас жолы, 1292-1353 км, Жібек Жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін – 61 км.
- "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тас жолы, 232-260 км (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған кентіне дейін);
- "Жезқазған-Петропавл" тас жолы, 377-552 км (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған кентіне дейін);
- "Жақсы-Есіл-Бұзылық" тас жолы, 0-82 км (Жақсы ауылынан Бұзылық ауылына дейін).
Ақтөбе облысында 4 жол учаскесі жабылды:
- Самара-Шымкент, 526-610 км, Батыс Қазақстан облысының шекарасынан Қобда ауылына дейін.
- Самара-Шымкент, 776-844 км, Ақтөбе қаласы – Хромтау қаласы.
- Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай, 0-234 км, Қарабұтақ учаскесінен Қостанай облысының шекарасына дейін.
- Самара-Шымкент, 844-1153 км, Хромтау қаласынан Ырғыз ауылына дейін.
Жетісу облысында "Үшарал-Достық" тас жолы, 84-184 км, Көктұм станциясынан Достық станциясына дейінгі учаске жабық.
Батыс Қазақстан облысында "Самара-Шымкент" тас жолы, 393-526 км, Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін жабық.
Реклама
Қостанай облысында 9 жол учаскесі жабық:
- Қостанай-Әулиекөл-Сұрған, 218-232 км, Октябрьское уч. С. - Ақмола облысының шекарасы.
- Жезқазған – Петропавл, 339-377 км, Арқалық уч. қ. - Ақмола облысының шекарасы.
- Қарабұтақ-Комсомольское – Денисовка – Рудный-Қостанай, 234-386 км, Ақтөбе облысының шекарасынан Денисовка кентіне дейінгі учаске.
- Қостанай-Әулиекөл-Сұрған, 108-218 км, Әулиекөл ауылынан Октябрь ауылына дейін;
- Қостанай-Әулиекөл-Сұрған, 7-108 км, Тобыл қаласынан Әулиекөл ауылына дейін;
- Екатеринбург – Алматы, 556-686 км, Тобыл қаласынан Сарыкөл ауылына дейін;
- Екатеринбург-Алматы, 418-539 км, Қарабалық ауылынан Қостанай қаласына дейін;
- Мамлүт-Қостанай, 250-404 км, Тобыл қаласынан Ұзынкөл ауылына дейін;
- Қарабұтақ-Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай, 386-503 км, Рудный қаласынан Денисовка ауылына дейін.
Айта кетсек, 26 желтоқсанда синоптиктер еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт бұзылатыны ескертті.