Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"ҚазАвтоЖол": Қазақстан жолдарында 5 күнде 177 рет қозғалыс шектелді

Бөлісу:
 depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

Желтоқсанның 12–16-сы аралығында Қазақстанның республикалық маңызы бар барлық тасжолында 177 рет уақытша қозғалыс шектеуі енгізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы мәлімдеді.

Компания мәліметінше, шектеулер ең алдымен жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Аталған күндері ел аумағында ауа райы күрт нашарлап, қатты жел соғып, жолдарда көктайғақ пайда болған.

12–16 желтоқсан аралығында республикалық трассаларда 177 рет уақытша шектеу енгізілді. Өткен жылдың осы кезеңінде жолдар небәрі 39 рет қана жабылған болатын. Кейбір күндері бір өңірде қатарынан бірнеше жол учаскесінде қозғалыс тоқтатылды, – делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.

Айта кетейік, тасжолдарды жабу немесе қайта ашу туралы шешімді Төтенше жағдайлар министрлігі мен Ішкі істер министрлігі ауа райы жағдайын ескере отырып бірлесіп қабылдайды.

Өзгелердің жаңалығы