«ҚазАвтоЖол» мен «Қазақавтожолдың» қосылуы: Қысқарту қандай болады?

2 Қыркүйек 2022, 12:44
1151
Бөлісу:
«ҚазАвтоЖол» мен «Қазақавтожолдың» қосылуы: Қысқарту қандай болады?

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен «Қазақавтожол» ЖШС біріктіру бойынша жұмыс қалай жүргізіліп жатқаны белгілі болды, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда бірыңғай автожол операторын құру тапсырмасы бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Қазақавтожол» ЖШС-мен біріктірілген еді.

“ҚазАвтоЖол” АҚ басқарма төрағасының орынбасары Серік  Айдос бірігу процесі басталғанын айтты.

Бұл уақыт алады.  Қысқартуға келетін болсақ, әзірге 10 пайыз қысқартамыз, бұл 30 адамды құрайды,- деді Серік Айдос.

Оның айтуынша, компанияда ребрендинг болмайды.  

“ҚазАвтоЖол ҰК” АҚ-ның логотипі барлығы сақталады. Ұлттық компания мәртебесі өзгермейді,- деді ол.

Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанда жолдарға қызмет көрсететін екі компания бар, бірақ екеуінің атқарып отырғаны бір жұмыс екенін айтып өткен еді.

Келесі мәселе – автожол саласына қатысты. Бұл салаға түбегейлі реформа жасайтын уақыт жетті. Қазір еліміздегі жолдың жай-күйін қадағалап, қызмет көрсететін екі негізгі оператор бар. Турасын айтсақ, екеуі де бір жұмысты атқарып отыр, жұмысшыларының саны да қажетті шамадан артық. Соған қарамастан, азаматтардан келіп жатқан орынды арыз-шағымдар азаяр емес, ал жолдың сапасы мүлде сын көтермейді. Үкіметке «ҚазАвтоЖол» және «Қазақавтожолды» біріктіріп, Қазақстанның біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырамын. Нәтижесінде қызметкерлердің саны да қысқарады,- деген еді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы