Маңызы бар автожолдар қажетті техникамен толық жабдықталмаған. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Автомобиль жолдарын салуға, реконструкциялауға және күтіп ұстауға соңғы төрт жылда барлығы 1,9 трлн теңге бөлінді. Аудит деректері бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 72 пайыз.
Автомобиль жолдарының бұзылуына әкелетін негізгі факторлар – рұқсат етілген массадан асатын ауыр салмақты көлік құралдарының жүруі. Бұл – тасымалдау процесінің жекелеген топтардың мүдделерін қорғау және принципті позицияның болмауы себебінен көптеген жылдан бері шешілмей келе жатқан мәселе, – деді Әлихан Смайылов.
Смайылов жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда ауыр салмақты көліктердің жүруіне қатаң тыйым салу керегін айтады.
Мемлекетке келтірілген залал үшін жауаптылықты күшейту қажет. Оның үстіне жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді және сараптама жасауды талап етпейтін орташа жөндеу жобалары жолдардың жай-күйінің нашарлауына әсер етуде. Мемлекеттің кепілдігімен алынған халықаралық қарыздар бойынша жобаларды басқару сапасының төмен екені және оларды іске асыру мерзімдерініңұзаққа созылғаны анықталып отыр, – деді ол Мәжіліс отырысында.
Жоғарғы аудиторлық палата басшысы жолға кеткен шығынға тиісті бағалау жүргізілмейтінін айтты.
Осындай қаражат есебінен іске асырылатын жобалардың өзіндік құнын ықтимал арзандату бойынша талдау жасалмайды. Мысалы,кепілдендірілген қарыздар есебінен салынған бір км жолдың құны бюджет қаражаты есебіненсалынғаннан орта есеппен 3 есе қымбат. Құрылыс материалдарының тапшылығы және олардың сапасының төмендігі жолдар салудыңжәне жөндеудің өзіндік құнына да, автожол саласының жобаларын уақытылы іске асыруға дат еріс әсер етеді. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жасау тиімділігі төмен. Жолдарды күтіп ұстау үшін қалдықтық қаржыландыру тәсілі сақталып отыр, – деді Смайылов.