Қазақстанның жаңа Премьер-министрі тағайындалды

11 Қаңтар 2022, 11:17
1838
Бөлісу:
Қазақстанның жаңа Премьер-министрі тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасының жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды. 

Депутаттар Әлихан Смайыловты Премьер-министрі лауазымына сайлау бойынша дауыс беруі арқылы Үкімет басшысы тағайындалды. 

Жиынға қатысқан 89 депутаттың барлығы кандидатураны қолдап дауыс берді. 

Сонымен қатар, Президенттің Әлихан Смайыловты тағайындау туралы Жарлығы шықты.

Ә.А. Смайыловты тағайындау туралы

Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының

            Президенті                                          Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 11 қаңтар

                    № 754

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынғанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы