Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанның Украинадағы елшісі лауазымынан босатылды

17 Сәуір 2025, 12:44
423
Бөлісу:

Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев лауазымынан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Белгілі болғандай, бұл лауазымға Төлежан Барлыбаев тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы