Қазақстанның стандартты үлгісін басқа ел енді сынақсыз тани алады

20 Қаңтар 2022, 11:03
2181
Бөлісу:
Қазақстанның стандартты үлгісін басқа ел енді сынақсыз тани алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатта «Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қабылданды.

Заң жобасының негізгі жаңашылдықтарын Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов түсіндірдіп берді.

Осы келісімді ратификациялау арқылы келісімге қатысушы елдерді сынақтар бойынша қосымша рәсімдер жүргізілместен Қазақстанда әзірленген стандартты үлгілерді тануға мүмкіндік береді. Яғни ҚР-да стандартты үлгі өндіріліп, сынақтардан және үлгінің типін бекітуі өтсе, келісімге қатысушы басқа елдер қосымша сынақтарсыз техникалық құжаттаманың сараптама нәтижелерін қосымша сынақтарсыз мойындайды, - деді ол.

Айтуынша, мемлекетаралық мәртебесі бар келісімді ратификациялау метрология саласындағы өлшеу нәтижелеріне сенімді арттырып, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Мемлекетаралық стандартты үлгілер экономиканың түрлі салаларында сұранысқа ие. Сондай-ақ кеңінен қолданылады. Ұлттық тізілімде 634 стандартты үлгі тіркелген. Оның ішінде 337-сі мемлекетаралық стандартты үлгілер тізіліміне енді. Былтыр Стандарттау және метрология институты 163 стандарттық үлгілерді әзірлеп, оларды мемлекетаралық стандарт үлгілер тізіліміне енгізу бойынша жұмыстарды жүргізді, - деп толықтырды Сұлтанов Сенатта.

Келісімді ратификациялау келісімге қатысушы елдер арасындағы техникалық кедергілерді жоюға мүмкіндік береді. Бұл келісімге қатысушы елдер арасында өзара тиімді ынтымақтастық үшін жағдай жасайды. Бұл стандартты үлгілер экспортының дамуына қолайлы әсер етеді.
Сонымен қатар бизнес үшін бұл қаржылық әл-ауқат үшін жаңа жағдайлар жасайды, әкімшілік жүктемелерді қысқартады және кәсіпкерлердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Өзгелердің жаңалығы