Қазақстанның сегіз боксшысы U19 Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

Бокстан U19 және U23 жас санаттары арасындағы Азия чемпионаты 16 шілдеге дейін жалғасады.

 Ұлттық олимпиада комитеті 12 Шілде 2026, 07:48
12 Шілде 2026, 07:48
148
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстанның сегіз боксшысы U19 Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санаттары бойынша өтіп жатқан Азия чемпионатында U19 санатының ширек финалдық жекпе-жектері аяқталды.

Жарыс қорытындысы бойынша Әділ Асқанбай (50 келіге дейін), Едіге Нұрғожа (55 келіге дейін), Ақжүрек Қалабай (65 келіге дейін), Бибарыс Әшірбай (70 келіге дейін), Тимур Тайбеков (80 келіге дейін), Руслан Ахметов (85 келіге дейін), Жалғас Утебеков (90 келіге дейін) және Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) өз қарсыластарын жеңіп, жартылай финалға шықты.

Ал Досжан Жұмақан (60 келіге дейін) мен Хамза Мақсатұлы (75 келіге дейін) ширек финалда жеңіліп, жарысты аяқтады.

Айта кетейік, бокстан U19 және U23 жас санаттары арасындағы Азия чемпионаты 16 шілдеге дейін жалғасады.

 

Наверх